Надежные брокеры форекс - http://fx-faq.ru/brokery/ | СТО в пушкине ГдеГород,ру

Мемлекеттiк тiлдi дамыту институты

the state language development institute

Мемлекеттiк тiлдi дамыту институты

институт развития государственного языка


Түсіндірме сөздік

АӘБВГҒДЕЖЗИЙКҚЛМНОӨПРСТУҰҮФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ



А

А1. Жуан дауысты дыбыстардың қатарына жататын езулiк ашық дыбыс және сол дыбыстың таңбасы (әрiп). 2. Бiреудiң атын атап шақырғанда оған жауап ретiнде берiлетiн дыбыс. - Дәрмен! - А, -Бармысың? - Бармын. 3. Бiреудiң назарын өзiне аудару үшiн айтылады. Нұржан! А, Нұржан! 4. Бiр нәрсеге ренiш бiлдiрiп, кейiгендiктi бiлдiредi. Кеше сен сабаққа неге келмедiң , а? А дегенде – а) басында, әуелде, алғашқыда; ә) әй деп дыбыс бергенде. А дегеннен – әуел бастан, бiрден. А дегеншеәне-мiне дегенше, лезде, әп-сәтте. А Құдайқұдайға бас ию, жалбарыну. А құдайлапаллаға сыйынып, жалынып-жалбарынып. А, пiрiм [тәңiрiм] депәрең-әрең, қалт-құлт етiп, зорға.
АБА 1көне. Кең тiгiлген сырт киiм. Шалбарының сыртынан аба киген бiреу. (Шарипов).
АБА 2Қоршау, қаша. Аттарды ашық төбелi Ада қалдырдық.
АБАДАНкөне. Қасқыр әуегiнiң көсемi, бастаушысы. Әрбiрiнiң баласы алтау болар, бес болар, Iшiнде абаданы бiр болар (Жиенбет жырау).
АБАЖАкөне. 1. Ыдыс-аяқ сақтайтын үлкен кебеже. 2. Жыртқыш аңдарды ұстауға арналған үлкен шарбақ.
АБАЖАДАЙ1. Рабайсыз үлкен, далиған, кең. ~ бөлме (үй, қора). 2. Сыйықсыз, арбиған. ~ үстел (терезе, есiк).
АБАЖУРШамның астыңғы жағына жарық түсiру үшiн және көздi күштi жарықтан сақтауға арналған қалқанша.
АБАЖУРЛЫАбажур орнатылған, қалқан қалпақты. ~ май шам (электр шамы).
АБАЙБайқағыштық, ықтияттылық, сақтық, ықылас. Шұнақ бiр сөзiн де қалт жiбермеуге тырысып, бар абаймен тыңдады (Дәуренбеков). Абай болды – а) cақтық жасады, ұқыпты қарады; ә) ес болды, көз болды.
АБАЙЛА1. Байқау, сақтану. Абайла, түйенiң үлкенi көпiрден таяқ жейдi (Ахтанов). 2. Барлау, бағдарлау. Ол көштiң алды-артын абайлап тұр (Мүсiрепов). 3. Байыптау, парықтау. Болмасаң да Абайдай жазбайсың ба абайлай? (Райбаев).
АБАЙЛАҒЫШСезiмтал, сезгiш. Әкесiндей ~.
АБАЙСЫЗ1. Байқамай, аңдаусыз. Түлкi апанға түсiп кеттi. 2. Бейқам, қамсыз. Түнерген түнде ауылға жолықты.
АБАЙСЫЗДА1. Байқаусызда, аңдаусызда. ~ айтып қалды. 2. Қапылыста, қапелiмде. Ит ~ қолынан шығып кеттi.
АБАЙСЫЗДЫҚБейқамдық, қамсыздық, аңдаусыздық.
АБАЙТАНУАбай Құнанбаевтың өмiрi мен творчествосын жан-жақты зерттейтiн қазақ әдебиеттану ғылымының бiр саласы.
АБАЛАӨршелене үру. ~ған ит.
АБАТкөне. Шалғынды, көкорай бау-бақшалы. Алдымызда абат бақша Алматы (Әлiмбаев).
АБАҒАЙЛААтойлау, айбар шегу.
АБАҚ 1кәсіб. Yлкен сулардан балық сүзетiн аудың түпкi бөлегi. Жетi жаста жетiм боп, Түскендей болдым абаққа (Шәкәрiм).
АБАҚ 2Аң ұстайтын шарбақ тор.
АБАҚТЫҚылмыстыларды қамайтын орын, түрме. ~ға жапты (қамады, отырғызды).
АББАРСуыт, үдере, сыпыра. Арқыраған ат мiнген, Аббар көшiп, шет қонған (Шалкиiз).
АБДЫРА 1Асып-сасу, абыржу, әбiгерлену. Анам ~п қалды.
АБДЫРА 2Киiм-кешек салатын сандық, кебеже. ~ сын ақтарды.
АБДЫРАП-ДАБДЫРАПСасып-пысып, асып-сасып. ~ сөйледi.

Кері байланыс

  • Мекенжай: Алматы қаласы, Пушкин көшесi, 78
    (Қабанбай батыр көшесiнiң қиылысы)
  • Тел: (+7 727) 293-88-94, 293-88-75

Институт жайлы

«Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға өз тарапынан үлес қосу үшін құрылған. Негізгі қызметтері :
Орыс және өзге тілдерден қазақ тіліне, қазақ тілінен өзге тілдерге аудармалар жасау. Түрлі мәтіндердің қазақ тілінің нормасына сай құрылғандығын тексеру, редакциялау, корректуралық тексерулерден өткізу, лингвистикалық кеңестер беру; ...
Толығырақ