THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
5 желтоқсан күні Мемлекеттік тілді дамыту институтында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Республикалық әнші-актерлер байқауының және бірнеше өнер байқауының жеңімпазы актер Байғали Есенәлиевпен кездесу-сұқбат өтті.
1984 жылы Т. Жүргенов атындағы
Мемлекеттік өнер академиясының актерлік факультетін тәмамдаған өнер иесі өзінің
кәсіби жолын сол жылдан бастап Шымкенттегі Ж. Шанин атындағы облыстық драма
театрында бастаған. Кейін Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік
Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының шығармашылық құрамында жұмысын
жалғастырып, қазақ театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Актер «Ең әдемі
келіншек» спектакліндегі Абдолла, «Ауылдан келген ару» қойылымындағы Ақын,
«Бақыт пен мұң» драмасындағы Сері жігіт образы арқылы халықтың ыстық ықыласына
бөленді. Байғали Есенәлиев театр өнерімен қатар, музыка саласында да өзінің
айрықша орны бар тұлға. Оның орындауындағы Ә.Бейсеуов, Ә.Телғозиев, И.Сапарбай,
Т.Ізтаев, Г.Шәмшиева, И.Бәйгісиев және т.б. авторлардың әндері Қазақ радиосының
«Алтын қорына» енген.
2021 жылы Алаш ардақтысы
А.Байтұрсынұлы туралы түсірілген «Ахмет. Ұлт ұстазы» телесериалында актер басты
рөл Ақыметті сомдап, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Кездесу барысында
Байғали Есеналиев ұлт ұстазының бейнесін сомдау барысындағы дайындық кезеңдері,
тарихи рөлдің жауапкершілігі, түсірілім алаңында болған ерекше оқиғалар туралы
әсерлі естеліктерін айтты.
Кездесу барысында актерге Алматы облысының музейлер бірлестігі тағайындаған «Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған» арнайы төсбелгі табысталды. Кездесуден кейін актермен сұқбат болды. Сұқбат барысында актер театр өнерінің өткені мен бүгіні, шығармашылық процестегі ізденістер, Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасы мен мұрасының қазіргі қазақ қоғамындағы орны туралы ойларын ортаға салды. Кездесуге арнайы уақыт бөліп келген Байғали Есеналиевке алдағы жұмыстарына табыс, өнер жолында жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз.
ПІКІР АЛМАСУ
22/12/2025 22:24
«Түсіндірме сөздік әзірлеудің лингвистикалық негізі» атты ұжымдық монография шықты
|
22/12/2025 22:20
«Қазақ тіліндегі мағынасы күңгірт сөздердің этимологиясы» атты ұжымдық монография шықты
|
26/11/2025 15:01
Қызылорданың А.Байтұрсынұлы атындағы №211 мектебінде республикалық деңгейде конференция өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ

2)
3)
4)



