КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

11.02.2026 жылы өткен «Түркі елдерінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстелдің ҚАРАРЫ:

1. Бұл жиынға дайындау барысында біз түркі елдерінің бастауыштағы білім жүйесін арнайы қарастырдық. Жоғарыда көрсетілгендей бір-бірімізден үйренетін тұстарымыз көп. Тек бастауыш қана емес, жалпы орта мектептегі білім жүйесін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу керек, бірлескен ортақ ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізуіміз қажет.

2.   Бала бастауышта тек функционалдық, яғни өміріне қажетті пәндерді ғана оқуы керек. Бізде екінші сыныптан бастап тіл және әдебиет пәндері жеке-жеке пән болғанымен бірінші сыныпта олар «Әліппе» және «Ана тілі» деп кіріктіріліп оқытылады. Бұл – дұрыс емес. Сауат ашатын әліппе пәнінің жалғасы – қазақ тілі болуы керек. Болашақта түзілетін бағдарламаларда осы олқылықты қалпына келтіруіміз керек.

3.   Дамыған елдерде, мәселен, Жапонияда бастауышта оқитын пәндер саны санаулы, нақтырақ айтсақ, сегіз, ал бізде оннан асады, артық пәндер көп. Бастауыш мектеп функционалды пәндерді – сөйлеу мен жазуға, айналасын тануға, есепке және еңбекке үйрететін пәндерді оқытуы керек. Осыған байланысты бастауыш мектептегі жаратылыстану, дүниетану деген синоним пәндерді бір пәнге біріктіріп, кіріктіріп жіберу керек.

4.  Жаңартылған бағдарламадағы басты кемшілік: мақсат жеткіліксіз қойылған. Мақсат былай жіктелуі керек:

1) Дұрыс, шебер сөйлеуге үйрету (барлық стильде ауызша мəтін тудыру дағдысын жетілдіру);

2) Сауатты жазуға үйрету (барлық стильдің жанрларында жазбаша мəтін тудыру дағдысын қалыптастыру);

3) Қазақ тіл білімінің метатілін орта мектеп деңгейіне сай меңгерту (орта мектепке сай лингвистикалық білім беру, тіл бірліктерін тану, талдау, мəтінтану, мазмұнын, құрылымын, стилі мен жанрын ажырата білу);

4)Ұлттық дүниетанымын қалыптастыру (тіл арқылы ұлттық құндылықтарды сіңіру, аялық білімді меңгерту, əлемді қазақ тілі арқылы тану).

5. Жаңартылған бағдарламаның өзегі болып отырған лексикалық тақырыптардың берілуінде жүйе қате. Біздіңше, лексикалық тақырыптар:

– Грамматикалық тақырыптармен байланысты мəтіндер болу керек;

– Тілдің анықтамасына (200 анықтама) қатысты болу керек;

– Семантикалық категориямен байланысты болу керек;

– Публицистикалық жəне ғылыми стильдегі мəтіндерде грамматикалық тақырыптардың өзі түсіндірілуі керек;

– Əлемнің қазақ тіліндегі бейнесін көрсететін мəтіндер болуы керек.

6.    Жаңартылған білім бағдарламасында ортақ кемшілік – оқу мақсаттарын топтастыруда тыңдалым мен айтылымның бірігіп тұруы. Бұл – қате. Дұрысында мəтін тану (оқылым-тыңдалым) мен мəтін тудыру (айтылым-жазылым) параллельде берілуі тиіс.

7.   Грамматикалық тақырыптар жаңартылған бағдарламада қате, жүйесіз, шашыраңқы, ең бастысы лексикалық тақырыппен байланыссыз берілген. Жаңартылған бағдарламалардың мақсат-міндетінде орта мектепке сай лингвистикалық білім беру көзделмеген. Оқу мақсаттарында қай тақырып қайсысынан кейін меңгерілуі керектігі нақты көрсетілмеген. Грамматикалық материалдарды бағдарламаға берудің жүйесі алдымен жасалуы керек. Бұл – пәннің білім мазмұны.

8.    Мəтін тудыру (жазбаша, ауызша) жүйесі реттелмеген. Жайдан күрделіге қарай шиыршық əдісін сақтай отырып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру оқу мақсатында нақтыланбаған. Бес стильдің барлық жанрында сөйлеу дағдысын қалыптастыруға жүйелі түрде көңіл бөлінбей, жаңартылған бағдарламада тек эссе жазу дағдысы қайталана берген. Мəтін тудыру дағдысы қалыптасу үшін қай стильдің қай жанрын қай сыныптан бастап үйретудің ғылыми-əдістемелік негізі жасалуы керек.

9. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметін түбегейлі қайта қарау керек деген ойдамыз.

10.  Орта мектептегі қазақ тілі пəні жалпы республикадағы мемлекеттік тілді оқыту жүйесінде негізгі орында. Өйткені оған мыңнан аса сағат бөлінген. Болашақта мемлекеттік тілді дамытатын, оның стилін жетілдіріп, жанрларын жаныйтын осы қазақ орта мектебін бітіретіндер. Сондықтан оны мектеп қабырғасында білудің деңгейлік талаптары нақты белгіленуі керек. Мектепте сыныптан сыныпқа аттау емтихандарын тапсыру жəне мектеп бітірген кездегі жаппай тестілеу нəтижесінің шектік деңгейі заң (ереже) жүзінде талап етілуі керек.

11.    Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың сатылық және деңгейлік жүйесі бар. Екі жүйенің арасында оқу бағдарламасы, оқытудың ұйымдастырылуы, оқу құралдары ең бастысы тілді білуді бағалау тәртібінде байланыс жоқ. Білім беру жүйесінде қазақ тілін түрлі сатыларда пән ретінде оқытудың емтихандарын жалпы мемлекеттік тілді білу деңгейлерін (КАЗТЕСТ жүйесінің) бағалау тәртібіне байланыстыру қажет.  

 Ақаңның «Аққу, шортан, һәм шаян» деген өлеңіндегі «Тартса да бар күштерін аямай-ақ// Асылы жүк орнынан қозғалмады» дегендегі «қозғалмай тұрған жүк» ол – ұлт ісі. «Қозғалмай тұрған жүкке», яғни ұлт ісіне кейін олар «Қазақ» газетінде: «Ұлт ісі деген – ұлы жұмыс. Ұлт ісін ұлт болып өзі істемесе, өзі жөндемесе істелмейді де, жөнделмейді де, әр жұрт өз ісін өзі істеп, өзі жөндеп апара алса, жұрт болмақ. Жұрт ісінен кімге де болса жұмыс табылады». ...Көп ісіне көп болып жабылайық. Ұлтына қызмет етуге ниет болса, жұмыс табылғандай. Көп жұмыстың ішінде ауыры да, жеңілі де болады. Қазақтың бітіп, тынып тұрған нәрсесі жоқ. Әркім әлі келетін жұмыс алсын. Жадымызда болсын, аз нәрсе көпке сеп болмақшы. ...Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет. ...Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенше істеп кетелік», - деп тарқатқан еді. 

Иә, отыз бес жыл тәуелсіз ел болсақ та қазақтың бітіп тұрған әлі түгі жоқ. Ақаңның бұл сөзі бүгін де өзекті. 

Бітпей тұрған нәрсенің бірі орта білім жүйесі. 18 міністр ауысты, бірнеше бағдарлама ауысты. Оңылар емеспіз. Қазақ тілі мен әдебиетінің бүгінгі қолданыстағы бағдарламасы қате, жарамсыз. Әркім әлі келетін жұмыс алсын депті ғой ұлт ұстазы. Әліміз кеп тұрғаны – жиын өткіздік, қарар қабылдадық. Енді оны жолдаймыз, таратамыз. 

Бағдарламаны оңдап беруге де шамамыз жетеді...


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


















26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 282540 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 269181 0


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 252753 0









19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 153590 7

05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 150299 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика