THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:

404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
«СӘБИЛЕРДІ СӨЙЛЕТЕЙІК»
атты бейнероликтер байқауы туралы
ЕРЕЖЕ
Алматы
қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту
институты 3–6 жас аралығындағы балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында
«Сәбилерді сөйлетейік» атты бейнероликтер байқауын ұйымдастырады.
Мақсаты мен міндеттері. Байқаудың
негізгі мақсаты – әлеуметтік желілерде қазақ тіліндегі балалар контентінің
сапасы мен санын арттыруға, сондай-ақ арнайы әзірленген бейнероликтер арқылы
мектепке дейінгі жастағы балалардың қазақ тілінде еркін сөйлеуін дамытуға үлес
қосу.
Қатысушылар. Байқауға Қазақстан
Республикасының кез келген өңірінде тұратын барлық жастағы азаматтар – балалар,
ата-аналар, ата-әжелер, аға-әпкелер, тәрбиешілер және басқа да қызығушылық
білдірушілер қатыса алады.
Тақырыптық бағыты мен мазмұны.
Бейнероликтер балаларға мынадай тақырыптар бойынша қазақша үйретуге бағытталуы
тиіс: ондық, жүздік сандар, тұрмыстық заттар (азық-түлік, жеміс-жидек,
ыдыс-аяқ, киім-кешек, жиһаз және т.б.), отбасы мүшелері, түстер, үй жануарлары,
жабайы аңдар мен құстар, қимыл-әрекеттер, жыл мезгілдері мен ауа райы, мамандық
атаулары және т.б.
Байқауға қойылатын талаптар мен шарттар:
1) Ұсынылған
тақырыптар бойынша балаларға арналған қызықты, жеңіл, ұзақтығы 3 минуттан
аспайтын бейнеролик түсіру;
2) Дайындалған
бейнероликті #сәбилердісөйлетейік2025 хэштегімен қатысушының Instagram, TikTok
парақшасына немесе YouTube платформасындағы «Shorts» бөліміне жүктеу. Парақша
ашық болуы тиіс;
3) Бейнеролик
жүктелген кезде міндетті түрде келесі ресми парақшаларға жазылу және оларды
белгілеу қажет:
Алматы қаласы
әкімдігі Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі:
Instagram: @almaty_til
Мемлекеттік тілді дамыту институты:
Instagram: @_mtdi_
TikTok: @mtdi.kaz
YouTube: @BALAARNA25
4) Жүктелген
бейнеролик 2025 жылдың 30 қазанына дейін көп қаралым, лүпіл мен пікір жинауы
тиіс.
Қорытынды:
Байқау
талаптарына сәйкес, Instagram, TikTok, Facebook және YouTube платформалары
бойынша ең үздік бейнероликтер жеке-жеке іріктеліп алынады.
Марапаттау
рәсімі. Жеңімпаздар Алматы қаласы әкімдігінің алғыс хаты және ақшалай
сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау рәсімі 2025 жылғы 10 қарашаға дейін
өткізіледі.
Байланыс: +77784276707, +77025598368
ПІКІР АЛМАСУ
08/04/2025 14:46
Орал қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ