THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:

404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
АКАДЕМИЯ АРНАСЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ РУХАНИ ТІРЕГІ
Авторы: Амантай Мөлдір Алмазқызы
15/08/2025 18:03 0 79 0
Тіл өзінен
өзі дамымайды, оны дамытатын жеке адам. Қазақ тілі – ата-бабамыздың аманаты,
ұрпақтың рухани өзегі. Қазақ тілін дамыту біздің қолымызда. Академия арнасы –
осы асыл мұраны сақтау, дамыту және болашаққа жеткізу жолында құрылған бірегей
бейнежоба.
Арнада
қазақ тілінің ғылыми негіздері, грамматикасы, лексикасы, тарихы мен мәдениеті
туралы мазмұнды видео-материалдар, белсенді ғалымдармен сұқбаттар, қызықты
деректер ұсынылады. Академия арнасы – тек білім көзі ғана емес, ол қазақ
тілінің мәртебесін көтеруге арналған ғылыми-танымдық алаң.
Басты
мақсатымыз:
- Қазақ
тілін ғылыми тұрғыдан көтеруге атсалысу;
- Ұлттық
тілдің құндылығын насихаттау, болашақ ұрпаққа жеткізу;
- Ғылым мен
көпшілік арасындағы байланыс арқылы тілге қатысты мәселелерді көтеру;
- Арнаның
негізгі бағыттары:
- Академия
сабақтары – тіл теориясына арналған лекциялар, бастауыш мектеп пәндеріне
қатысты мәліметтер, қазақ тілі пәні бойынша презентациялар мен түсіндірмелер;
- Ақпараттар
– тіл тақырыбында өткен жиналыстар, дөңгелек үстелдер мен іс-шаралардан қысқаша
үзінділер, өзекті жаңалықтар;
- Оқшау сөз
– ғалымдардың еңбектерінің таныстырылымдары, тіл
- мәселелеріне
арналған тосын пікірлер мен талқылаулар;
- Сұқбаттар
– ғалымдар, тіл мамандары және тіл жанашырларымен сұқбаттар.
Кімдерге
арналған?
- Тіл
білімімен айналысатын зерттеушілер мен оқытушыларға;
- Магистранттар
мен докторанттарға;
- Қазақ
тіліне бейжай қарамайтын, оның дамуына үлес қосқысы келетін барша көрерменге.
Академия
арнасы – тек арна емес, бұл қазақ тілінің рухани тірегі.
Біздің
бейнематериалдар арқылы әр көрермен тек білім алып қана қоймайды, сонымен бірге
ұлттық тіліміздің болашағына үлес те қоса алады. Арнамызға тіркеліп, қазақ
тілінің дамуына үлес қосыңыздар! Видеоға түсуге, сұқбат беруге келіңіздер!
Толық ақпарат:+7 705 618 9142