КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Адақ арба – аяғын жаңа басқан сәби пайдаланатын ағаштан жасалған үш дөңгелекті кішкене арба. Тәлтіреңдеп аяғын басуға талпынып жүрген, әр нәрсені жағалап жүрген балаға сүйеу болады деп арнайы жасап береді. Адақ арбаның қазақы ортадағы негізгі атауы – итарба. Адақ арба аталуы оңтүстік және оңтүстік батыс өңірде кездеседі. Адақ арба немесе итарба қазақ ортасына отырықшылықпен бірге басқа халықтан келуі де мүмкін. Өйткені, ХІХ ғасырда саяхатшылар жазбаларында бұл туралы деректер кездеспейді екен.
Енді, қазіргі таңда ходунки деген бар. Оның балаға зияны: баланы ішіне саламыз, бала оны күш салып итереді, баланың шадына – тақымына зиян, т.б. Адақ арбаны алып қарасақ бала өзін – өзі тік ұстауға себепші болады, адақ арбаны итерген сайын адымдап жүріп кетуіне де себепші болады. Бізден үлкен буынның адамдары бұл жайлы хабардар болуы мүмкін. Бұрындары ата – бабаларымыз осы адақ арбаны қолдан жасап, жүріп кетулеріне бірден бір себепші болған адақ арба.
Ендігі жерде осы адақ арбаны қазақ еліне, Қазақияға қайтадан насихаттап, табыс көзіне айналдыратын, қайырымды жан болса. Қазақ ортасына қайтадан әкелсе деген үлкен тілегіміз бар.
Жасалу жолы
Адақ арбаны жасау жолы мынадай: әуелі қырлап жонылган ұзындығы екі-үш қарыс келген төрт ағаш бір-біріне қашап біріктіріледі. Оның жоғарғы жағы бала ұстайтын тұтқа болады. Ал, төменгі жағындағысы ұзындауының екі ұшын жұмырлап жонып, оған ағаштан жонылған ортасы тесік ағаш дөңгелек салынып, мұрындықтап бекітеді. Содан кейін, астыңғы білік есебіндегі ағаштың тең ортасына қиысып келетіндей (перпендикуляр) етіп, ұзындығы екі карыстай ағашты орнатады да, оның ұшын айырлап шығарып, ортасына үшінші дөңгелекті салады. Ең соңында алдындагы жалқы дөңгелекті қосып тұрған көлденең ағаш пен артқы төртбұрышты шаршының бала ұстайтын тұтқасының арасын қарғашалап сырықпен қосады. Осылай дайын болған адақ арбамен бала жүрген кезде салмағымен көтеріліп, шалқасынан құламас үшін алдыңғы жағына ауыр салмақ басып қояды. Балаға арнап жасап берген адақ арбаның тұтқасына ақтық байланады. Бала аяғын басқан соң адақ арбаны сақтап қояды, жас баласы бар туысқандар немесе көршілер қалап алады. Жасалу жолының толық нұсқасын мына жерден көрсеңіз болады.
http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=SNPVNXZiNpg

Намыс.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 470 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 706 0





08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 1057 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1195 0



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика