КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2026 жылғы 11 ақпанда Халықаралық қазақ тілі академиясы, Мемлекеттік тілді дамыту институты және Халықаралық түріктану орталығының ұйымдастыруымен «Түркі елдерінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – түркі елдеріндегі орта білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдерді оқытудың ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда талдау, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың қазіргі жай-күйін салыстыру, сондай-ақ ұлттық білім беру саясатының негізгі бағыттарын сараптау.

Дөңгелек үстелде Халықаралық қазақ тілі академиясының президенті, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қажыбек Ерден Задаұлы кіріспе сөз сөйлеп, мемлекеттік тілді оқыту мәселесінің түркі елдері үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Жиын Түркия Республикасы Түрік мәдениеті ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғалым, профессор Ахмет Бижан Ержыласұнның құттықтау сөзімен ашылды. Түркі халықтары арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың өзектілігіне тоқталды. Одан кейін Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, ф.ғ.к. Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы Бастауыш мектепте функционалдық пәндерді оқыту жүйесі тақырыбында баяндама жасады.

Түркия Республикасы, Қыршехир Ахи Эвран университетінің Түрік тілі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Осман Қабадайы, «Орта мектепте қазақ тілі сағаттарын көбейтудің қажеттілігі: Түркиядағы түрік тілі оқыту тәжірибесі негізінде», Қазақстан Республикасы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ф.ғ.д., профессор Тыныштық Ермекова, «Қазақ тілін оқыту – жүйелі үдеріс», Әзірбайжан Республикасы, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының Фольклор институтының фольклортанушысы, Баку Еуразия университеті мен Хазар университетінің оқытушысы, қауымдастырылған профессор Айнұр Газанфарқызы, «Orta məktəblərdə Azərbaycan dilinin tədrisində folklorun rolu», Қырғыз Республикасы, Республикалық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының Инновациялық технологиялар орталығының аға оқытушысы Рахат Уметбековна Ибраимова, «Кыргыз тилин эне тили катары окутуунун программалары жана окуу-усулдук комплекстери: учурдагы абалы, жетишкендиктер жана көйгөйлөр», Өзбекстан Республикасы, Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының Өзбек тілі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Шахиста Менлибаевна Буранова, «Мактабларда ўзбек тилини давлат тили сифатида ўқитишдаги муаммолар ва истиқболли ечимлар», аталған институттың профессоры, ф.ғ.д. Алима Курьяровна Пирниязова, «Қарақалпақстан Республикасында мәмлекетлик тилди мектепте оқытыў тәжирийбелерінен», Қарақалпақстан Республикасы, Педагогикалық шеберлік орталығы, Тілдерді оқыту методикасы кафедрасы доценті Гүлистан Оралбаевна Қанатова, «Өзбекстандағы мектептердің қазақ сыныбында қазақ тілінің оқытылуы» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Жиын барысында негізгі баяндамалардан кейін жарыссөз ұйымдастырылды. Жарыссөзге Қырғыз Республикасы «Манас» қырғыз-түрік университетінің түрколог-ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыралы Қоңқобай; Сингевит жазу жүйесінің авторы, лингвист, мәдениеттанушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Серік Әбдірешұлы Ерғали; Өзбекстан Ғылым академиясы Өзбек тілі, әдебиеті және фольклоры институтының жетекші ғылыми қызметкері, профессор, ғылым докторы Бердиер Юсуфов; Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Раиса Қарсыбаева; Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақ, түркмен тілі және әдебиеті кафедрасының PhD, доценті Турсынай Абдигазиевна Торткулбаева; сондай-ақ Алматы қаласындағы №148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Мархаббат Жошыбаева қатысты.




Шара аясында институтымызда жарық көрген «Мемлекеттік тілді оқытудың деңгейлері мен сатылары» атты монография таныстырылды.

Дөңгелек үстелге онлайн және оффлайн форматта 150-дей адам қатысты. Олардың ішінде тіл білімі, оқыту әдістемесі және білім беру саласының жетекші ғалымдары, педагогтер мен практик-мамандары да бар. Іс-шара нәтижесінде түркі елдері арасындағы ғылыми-академиялық ынтымақтастықты нығайту, мемлекеттік тілді оқыту саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, ортақ қарарлар қабылданды.

Қатысушылар бастауыш мектепте функционалдық пәндерге басымдық беру, пән санын оңтайландыру және кіріктірілген пәндердің құрылымын қайта қарау қажеттігін ұсынды. Әліппе пәнінің жалғасы ретінде қазақ тілін жүйелі оқыту мәселесі көтеріліп, білім бағдарламаларындағы олқылықтарды түзету қажеттігі айтылды.

Жаңартылған оқу бағдарламаларындағы мақсат қою жүйесі, лексикалық және грамматикалық тақырыптардың берілу реті, оқу мақсаттарының құрылымы ғылыми тұрғыда қайта қаралуы тиіс екені атап өтілді. Тыңдалым мен айтылымды, сондай-ақ оқылым мен жазылымды жүйелі әрі параллель түрде дамыту, мәтін тудыру дағдыларын жайдан күрделіге қарай қалыптастыру қажеттігі көрсетілді.

Орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мемлекеттік тілді дамытудағы негізгі рөлі ескеріліп, тілдік білімге қойылатын деңгейлік талаптарды нақтылау, сыныптан сыныпқа көшу емтихандары мен қорытынды тестілеудің шектік деңгейін нормативтік тұрғыда бекіту ұсынылды.

Сонымен қатар қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың сатылық және деңгейлік жүйелері арасындағы байланысты күшейтіп, мектептегі бағалау нәтижелерін мемлекеттік тілдің білу деңгейін айқындайтын ұлттық жүйемен (КАЗТЕСТ) үйлестіру қажеттігі атап өтілді.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


















26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 281981 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 268634 0


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 252380 0









19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 153060 7

05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 149751 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика