КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі
Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызына

Көшірмесі: 
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бұқаралық ақпарат құралдарына
 
АШЫҚ ХАТ
 
Әдебиет пәнінің басты мақсаты – оқушының ұлттық рухын көтеру, оны елдің азаматы ретінде қалыптастыру. Әдебиетті оқымаған ұрпақ – тамырсыз ағаш. Бала әдебиет арқылы ғана елдік пен ерліктің, ізгілік пен парасаттың дәнін бойына сіңіреді. Сондықтан мектептегі әдебиет пәнінің түпкі миссиясы – ұлтты тәрбиелеу, рухы берік, тамыры терең ұрпақ өсіру. Жоқ, әдебиетке аса ауқымды миссия жүктемей, оны өнер туындысы ретінде ғана қабылдап, ондағы табиғат көріністерінен, кейіпкерлердің қарым- қатынасынан әсерленіп, жан ләззатын тауып, одан эстетикалық тәрбие алуымыз керек деуге де болады. Бәрібір қазақ әдебиеті жалпы адамзатқа тән құндылықтың аясында оқырманына алдымен ұлттық мінезді қалыптастыруы керек. Қазақ әдебиетінің басты мақсаты – осы.
Кез келген оқу үдерісі өзара тығыз байланысты үш тағанға сүйенетіні белгілі: нені оқыту, кімге оқыту және қалай оқыту.
Нені оқыту пәннің білім мазмұнын айқындайды;
Қалай оқыту сол мазмұнды меңгертудің әдіс-тәсілдерін қамтиды;
Кімге оқыту оқушының жас ерекшелігіне сай психологиялық, когнитивтік және физиологиялық қабылдау мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді.
Осылардың ішіндегі ең маңыздысы – нені оқыту. Бұл – пәннің білім мазмұны. Білім мазмұнына оқушыға ұсынылатын шығармалар кіреді. Ал шығармалар өз кезегінде белгілі бір тақырыптық жүйе негізінде іріктеліп, жинақталып берілуі қажет. Демек, тақырып – жай айдар емес, ол пән мазмұнын ұйымдастыратын өзек, оқытудың логикалық қаңқасы.
Қолданыстағы бағдарламадағы 2-4-сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқу» пәнінің тақырыптық құрылымына назар аударсақ, тоқсандар бойынша төмендегідей тақырыптар ұсынылған:

 
5–9-сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығындағы тақырыптар:
 

 
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығындағы тақырыптар:

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығындағы тақырыптар:
 

 
Оқу үрдісіндегі негізгі тақырыптардың өзі жүйесіз берілген. Біріншіден, бұл тақырыптарды бір парадигмаға жинақтай алмайсың. Бастауыш буында (2-4-сыныптар) тақырыптар көбіне өмірлік-тәжірибелік сипатта («Өзім туралы», «Менің отбасым»,
«Дені саудың жаны сау», «Мамандықтар әлемі») берілгенімен, олардың өзара мазмұндық сабақтастығы әлсіз. 5-9 бен 10-11-сыныптардағы тақырыптардың табиғаты тіпті ала-құла. «Таза, мінсіз асыл сөз», «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған…», «Өлең – сөздің патшасы», «Қалың елім, қазағым» – ақын өлеңдерінен алынған поэтикалық тақырып, «Адамгершілік – асыл қасиет», «Отбасы құндылықтары» – құндылық- этикалық тақырып, «Қиял мен шындық», «Тарихи шындық пен көркемдік шешім»,
«Әдебиеттегі сын сарын», «Кеңістік пен уақыт», «Прозадағы көркем ой» – әдебиет теориясының тақырыбы, ал «Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат» деген идеологиялық- концептуал ұғым. «Адам жанының құпиясы», «Махаббат және абырой», «Парасат пен пайым», «Табиғат және адам» деген – өз алдына бөлек философия.
Байқап отырғанымыздай, тақырыптар өлең жолдары мен қанатты сөздер арқылы поэтикалық формада қолданылған. Тақырып номинативтік сипатта, яғни нақты атау түрінде ұсынылуы керек. Мазмұнды белгілейтін, нені оқытуды жүйелі көрсететін тақырыптың өзі номинативтік тұлғада берілгені жөн. Тақырыптың негізгі қызметі әсер ету емес, мазмұнды бағдарлау. Жүйесіз, бірізді берілмеген тақырыптың кесірінен балаға оқытылатын шығармалар да жүйесіз жинақталады, берері де аз болады. Тақырыптың аты әдемі болғаны аз; өзектің өзі баланың өмірімен түйісуі керек. «Таза, мінсіз асыл сөз» секілді жалпылама айдар емес, нақты ұғымдар мен өмірлік таңдаулар өзекке айналғанда, әдебиет формалды пән емес, мінезді тәрбиелейтін ортаға, рухани шынығу залына айналады.  Сондай-ақ «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Дананың сөзі ақылдың көзі»,
«Атадан қалған асыл сөз» сияқты тақырыптар нақты қандай әдеби шығарма оқытылатынын айқындамайды. Соның салдарынан тақырып аясында берілетін шығармалар да негізсіз іріктеліп, оқу мазмұны жүйесіз сипат алады.
Қазақ әдебиеті пәнін орта мектепте оқытуға 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін 1000- нан аса сағат бөлінеді екен. Алайда пән өзінің діттеген мақсатына толық жете алмай отыр. Себебі мәтін танылмайды, баланың бойына сіңбейді. Оның тұлға болып қалыптасуына әсер етпейді. Әдебиетті мектепте мың сағат оқыған бала алып бәйтерек емес, кез келген секта өз ырқына домалатып әкете беретін қаңбақ болып шығып жатыр. Ең бірінші мақсат – оқушыны мәтін оқуға ынталандыру. Ол үшін оқитын мәтінді таңдаудың және танудың принциптерін өзгертуіміз керек.
Қазір балаға әдебиетті оқыту үшін шығармаларды ондағы басты идеялар төңірегіне топтастыру керек. Баланың танымына әсер ететін әрі тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын өзекті ұғымдар – достық, сүйіспеншілік, махаббат, адамгершілік, ар- намыс,  әділет,  еңбек,  соғыс  пен  бейбітшілік  және  т.б.  идеялар  болуы  тиіс.
Шығармаларды осындай өзекті идеялардың айналасында біріктіре оқыту оқушыны тек мәтінді танып қана қоймай, оны жүрегімен сезінуіне, салыстыруына және өмірлік ұстанымына айналдыруына мүмкіндік береді. Мәселен, «достық» тақырыбы. Бұл идея аясында:
  Мұхтар Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» өлеңіндегі бала достығы;
  «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа мен Сұлтан арасындағы қарым-қатынас;
  «Қобыланды батыр» жырындағы Қараманмен арадағы тартыс;
      баланың өмірлік тәжірибесіне жақын мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер біріктіріле оқытылуы керек. Яғни 5-сыныпта бала достықты қарапайым моральдық ұғым ретінде қабылдаса, 7–8-сыныптарда сатқындық, кешірім, жауапкершілік секілді күрделі қырлары ашылады. Ал жоғары сыныптарда «дос үшін тәуекелдің шегі қандай?» деген этикалық таңдау деңгейіне көтеріледі. Бұл – бір тақырыптың жайдан күрделіге қарай тереңдей дамуы. Осы тәсілді махаббат, адамгершілік, ар-намыс, әділет, еңбек, соғыс пен бейбітшілік сияқты өзекті тақырыптарға да қолдануға болады. Махаббат жайлы төменгі сыныптарда лирикалық өлеңдерден басталған әңгіме, жоғарғы сыныпқа келгенде драмадағы кейіпкерлердің тағдырлық таңдауларына ұласады. Адамгершілік жайындағы шағын новеллалар ар-ұят пен азаматтық батылдыққа дейін жетелейді. Соғыс тақырыбы естеліктер мен балалық қабылдаулардан басталып, кейін күрделі тарихи романдардағы адамдық пен қатыгездік арасындағы тартысқа дейін тереңдейді. Тағылымды нәтиже үшін міндетті түрде жанры мен қызметіне қарай қиюластыру керек: бір өзекке лирика, эпос, драма, публицистика қатар кірсін. Баланың санасында «достық» немесе «ар- намыс» тек өлеңмен ғана емес, әңгіме, роман, айтыс, шешендік сөз арқылы да тірі бейнеге айналады. Бастауыш және орта сыныптарда балаға керегі – оқыған шығарманы (жеке көріністі) көз алдына қайта жаңғыртып, елестете алу; кейіпкер тағдырына ортақтаса білу, шығарманы бар нәрімен терең қабылдап, тебірене, әсерлене білу. Ал шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастықта қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын; жазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; шығарманы бағалауды, салыстыруды негіздей білуді оқушы сынып жоғарылаған сайын шындап игере бастауы керек.
Әдебиетті дәуірлеп оқыту мүлдем қате. 5-сынып оқушысынан әдебиеттанушыны жасамақты да қою керек. Біріншіден, әдебиет пәнін әдебиеттану ғылымы ретіндегі жүйелеп оқыту 10-11 сыныптарға келгенде басталуы керек. Оған дейін талап жай орта сыныптарда оқушы мәтін оқып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі керек. Басты мақсат – Батыстың желіне де, Шығыстың лебіне де шайқалмайтын, тамыры ұлттық топырағына терең кеткен алып бәйтерек тәрбиелеу болуы керек.
Әдебиетті оқытудағы методикалық қателіктердің тағы бірі – бір авторды бір сыныптың аясында ғана шектеу ұстанымы. Бұл талап ғылыми да, психологиялық та, педагогикалық та негізге сай келмейді. Ақын не жазушы – бір сәтте «оқылып бітетін» нысан емес, ол оқушы санасында уақытпен бірге, жасымен бірге тереңдеп ашыла беретін рухани әлем. Мысалы, қолданыстағы бағдарламада Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы тек 8-сыныпта ғана кездеседі. Әдебиет бағдарламасы авторды бір сыныппен шектемеуі тиіс. Керісінше, әр сыныпта сол қаламгердің оқушының жас ерекшелігіне, психологиялық және когнитивтік қабылдау деңгейіне сай өзге шығармасын ұсынуға болады. Мәселен:
-  5-сыныпта – бала жүрегіне жақын, қарапайым әрі эмоциялық әсері күшті өлеңдері;
-  8-сыныпта ойлануға, салыстыруға жетелейтін поэмалары;
-  10-11-сыныпта – өмір, тағдыр, уақыт, адам болмысы туралы күрделі философиялық шығармалары.
Осындай кезең-кезеңімен берілген жүйе арқылы оқушы бір авторды үзбей оқып, әр жасында оны жаңаша қырынан танып отырады. Бұл тәсіл әдебиеттің тәрбиелік қуатын да арттырады, оқушыға тұлғаның толық болмысын ашуға мүмкіндік береді. Идеясы сүреңсіз шығармаларды автордың беделіне, танымалдығына қарап тықпаламау керек. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесі 10-11 сыныптарда айтылады. Сол кезде тиісті дәуірлерге қатысты барлық авторлардың шығармаларының тізімі беріледі. Жоғары сыныптың оқушысы сол жерден керегін оқып танысады. Әдебиет пәнінің мақсаты оқушыға көркем туындыны оқу арқылы эстетикалық тәрбие беруге немесе әдебиеттану бойынша орта мектепке сай білім берумен ғана шектелмейді, ол білім алушының шығармашылық қабілетін ашуы керек. Яғни мәтінді (көркем мәтінді) тану, талдау жеткіліксіз, ол оны тудыра да алу дағдысын да қалыптастыруы керек. Бұл мәселе қолданыстағы бағдарламаларда кемшін қалған.
Қысқасы, қазақ әдебиетінің бағдарламасын қайта қарау керек. Талқылау керек. Осы ұсынысты беруші мамандар мен бағдарлама авторларына мәселені талқылауға мүмкіндік беріп, ақиқатына жетуіміз керек. Балам деген жұрт болмаса – ертең жұртым дейтін баланы қайдан алмақпыз?!
 
Қол қоюшылар:
1.   Ерден ҚАЖЫБЕК– «Qazaq Tili Halıqaralıq Akademiyası»-ның президенті, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.
2.   Өмірхан ӘБДИМАНҰЛЫ – Филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы ғалым.
3.   Сая ИТЕҒҰЛ Филология ғылымдарының кандидаты, фольклортанушы.
4.   Алтынай АСҚАРОВА – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы, филология ғылымдарының кандидаты.
5.   Нұржан СЕЙСЕНБЕК – Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторанты.
6.   Шохан ШОРТАНБАЙ – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.
7. Бижомарт ҚАПАЛБЕК – «Қазақ тілі» мектеп оқулықтарының авторы, «Абай мектептерінің» 5-9 және 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінен үлгілік оқу бағдарламасының авторы, филология ғылымдарының кандидаты.
8.   Сәуле ЕРЖАНОВА – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.
9.   Қаламқас ҚАЛЫБАЕВА – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Филология ғылымдарының кандидаты.
10.    Мейрамгүл НҮСҮПБЕК – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- шебер, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, зейнеткер ұстаз.
11.    Еділбай ОСПАНОВ – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология факультетінің деканы, Филология ғылымының кандидаты.
12.    Күнімжан ӘБДІХАЛЫҚ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, Филология ғылымының докторы.
13.    Руда ЗАЙКЕНҚЫЗЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, Филология ғылымының докторы.
14.    Аман АБАСИЛОВ – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, Филология ғылымының кандидаты.
15.    Райхан ИМАХАНБЕТ – Ахмет Байтұрсынұлы музейүйінің жетекшісі, «Тіл құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің доценті.
16.    Алмас НАЙМАНБАЙ – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы.
17.    Айнұр КӨШЕКОВА – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры. Филология ғылымдарының кандидаты.
18.    Әбдіжәліл АҚКӨЗОВ Филология ғылымдарының кандидаты.
19.    Ұлболсын ҚАЙЫРБЕКОВА - Филология ғылымдарынң кандидаты, доцент.
20.    Алдажар ӘБІЛОВ – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, Филология ғылымының кандидаты.
21.    Айман АЙТБАЕВА – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, Филология ғылымының кандидаты.
22.    Болат БОРАНБАЙ – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, Филология ғылымының кандидаты.
23.    Меруерт МАЗАРЖАНОВА – Алматы қаласы, 42 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші.
24.    Динара НИЯЗБАЕВА – Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімі «Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
25.    Мирамкүл ЖАҚСЫМОВА – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-модератор.
26.    Лейла МЕКЕБАЕВА – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқутышысы.
27.    Шолпан БЕКЕТҚЫЗЫ – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- шебер.
28.    Серікбай ҚОСАНОВ – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.
29.    Шынар СҰЛТАНБЕКОВА – Алматы облысы, Іле ауданы білім бөлімі «№7 орта мектеп» МКМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші.
30.    Ботакоз КЕНЖЕБАЕВА – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші.
31.    Бердібек БИЯРОВ Филология ғылымдарының кандидаты.
32.    Ақтолқын ТҰРҒЫМБАЙ – «Bilim innovation group» ЖШС-нің ғылыми қызметкері.
33.    Әлайдар СЕЙТЖАНОВ «ORDA» колледжінің оқытушысы.
34.    Замза ІЗҒАЛИҚЫЗЫ Халықаралық бизнес университетінің аға оқытушысы.
35.    Сара ӘМІРХАНОВА Қазақ тілі мен әдебиеті    пәнінің мұғалімі, педагог- шебер, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері,филология магистрі.
36.    Нағима ЖАҢЫСБАЕВА – Алматы қаласы, № 42 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог зерттеуші.
37.    Лаззат ӘУБӘКІРОВА Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші.
38.    Қанат СМАҒҰЛОВА Халықаралық бизнес университетінің аға оқытушысы.
39.    Қаламқас ТҰРЛЫБЕК Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- шебер.
40.    Ақерке САМАРХАНОВА Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкері.
41.    Саулеш ҚОЙШИЕВА Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші.
42.    Мархабат    ЖОШЫБАЕВА         Алматы    қаласы    148   мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер.
43.    Әлия АЛПЫСБАЙ «Bilim innovation group» ЖШС-нің ғылыми қызметкері.
44.    Назерке ҚУАНЫШОВА – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- модератор.
45.    Назгүл АБАТОВА Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер.
46.    Алша ҚАНЫБЕКОВА Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші.
47.    Лаззат     ЗАУРБЕКОВА           Халықаралық     бизнес     университетінің     аға оқытушысы.
48.    Салтанат ЖАНТАСОВА «Qazaq Tili Halıqaralıq Akademiyası» үкіметтік емес, коммерциялық емес мекемесінің ғылыми қызметкері.
49.    Манарбек ТОҚТАҒАН «Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
50.    Бахытжамал КАРМЕНОВА – «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп- лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
51.    Аида МҰХАМЕТҚАЛИЕВА Тұран университетінің оқытушысы.
52.    Айгүл ТӨҢКЕРҚЫЗЫ Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог- шебер, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.
53.    Гүлзағира     ДҮЙСЕНОВА            М.Мақатаев     атындағы      №140     мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
54.    Мөлдір АМАНТАЙ «Qazaq Tili Halıqaralıq Akademiyası» үкіметтік емес, коммерциялық емес мекемесінің ғылыми қызметкері.
55.    Ажар БӨЛЕСОВА Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
56.    Гүлмира ЕРЖАНОВА Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші.
57.    Меруерт ШАКЕНОВА Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкері.
58.    Сәуле ТҰРСЫНҚҰЛОВА Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші.
59.    Жансая СМАН Филология ғылымының магистрі, Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкері.
60.    Назерке ОРАЗХАН Халықаралық бизнес университетінің аға оқытушысы.
61.    Арайлым    ШОРМАҚОВА         Халықаралық    бизнес    университетінің    аға оқытушысы.
62.    Ақсүйрік ІЗМҰҚАНОВА Филология ғылымдарының магисртрі.
63.    Ардақ    ӘБДІЛӘШІМ         П.Чайковский     атындағы     Алматы     музыкалық колледжінің оқытушысы.
64.    Мәдина ИСЕНБАЙ Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкер.
65.    Динара МЕЙРАМБЕКҚЫЗЫ «Qazaq Tili Halıqaralıq Akademiyası» үкіметтік емес, коммерциялық емес мекемесінің ғылыми қызметкері.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




16/03/2026 11:38

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
0 629 0

16/03/2026 11:25

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
0 609 0













26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 285130 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 271557 0


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 254916 0









19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 156252 7

05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 152849 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика