THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Мемлекеттік тілді дамыту институты «Қолданбалы лексикография: қазақ
топонимдерінің этимологиялық сөздігін түзу және оны цифрландыру» ғылыми
жобасы аясында шығатын «Ономастиканың
өзекті мәселелері» атты ғылыми жинаққа мақалалар қабылдайды. Жинақта ономастика
саласындағы заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелері, қазақ және түркі
ономастикасының теориялық әрі практикалық мәселелері қамтылады.
Жинақ кітап түрінде басылып, ғылыми
қауымдастыққа, жоғары оқу орындарына, ғылыми орталықтар мен тіл саясатына
жауапты мекемелерге таратылады. Мақалалар төмендегі бағыттар бойынша
қабылданады:
- - ономастиканың
теориялық және әдіснамалық мәселелері;
- - антропонимдер:
кісі есімдерінің тарихи, мәдени және тілдік ерекшеліктері;
- - топонимдер:
жер-су атауларының тарихы, этимологиясы және зерттелу мәселелері;
- - қазақ
ономастикасының қазіргі басқа да даму бағыттары;
- - түркі
ономастикасының салыстырмалы зерттеулері;
- - ономастикалық атауларды жүйелеу, цифрландыру мәселелері.
МАҚАЛА МӘТІНІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Жариялануға арналған мақала мәтіні төмендегідей талаптарға сәйкес рәсімделуі қажет:
- Мақаланың көлемі 5 беттен
кем емес (формат
А4).
- Жоғарғы шегі ‒ 2 см, төменгі
‒ 2
см, оң ‒
1 см, сол ‒ 3 cм.
- Шрифт: Times New Roman,
кегль ‒ 12.
- Қатараралық интервал ‒ бірлік.
- Мақала тақырыбы ҮЛКЕН ӘРІППЕН жазылады, содан соң тақырыптың астыңғы жағына
автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қаласы
(облысы), электронды поштасы жазылады.
- Мақала құрылымы ғылыми талаптарға сай
рәсімделуі қажет. Мақала аңдатпадан, кіріспеден, негізгі бөлімнен және
қорытындыдан тұрады. Аңдатпада зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен
негізгі нәтижелері қысқаша сипатталады. Аңдатпа 150 сөзден кем болмауы керек. Кіріспе
бөлімде зерттеу мәселесінің негіздемесі мен мақсаты айқындалады. Негізгі
бөлімде зерттеу нәтижелері, талдау және ғылыми тұжырымдар беріледі. Қорытынды
бөлімде жүргізілген зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары ұсынылады.
- Пайдаланылған әдебиеттер сілтемесі реттік
санмен тік жақшаға
алынады.
- Мақала соңында әдебиеттер тізімі
көрсетіледі.
Редакция алқасының сұрыптауынан өткен айтары бар мақалалар жинаққа тегін жарияланады.
Мақаланы талаптарға
сәйкес жазып, төмендегі телефонға WhatsApp
арқылы немесе mtdi_2021@mail.ru поштасына жіберуіңізді сұраймыз.
Байланыс: 8 705 618 9142
ПІКІР АЛМАСУ
20/02/2026 10:32
«Түркі елдерінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел
|
26/11/2025 15:01
Қызылорданың А.Байтұрсынұлы атындағы №211 мектебінде республикалық деңгейде конференция өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ

2)
3)
4)



