КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Баланың ой-өрісі мен қиялы көркем тіл, мәнерлі бейне арқылы дамиды. Теледидарда, әсіресе интернет кеңістігінде жас буынға бағытталған сапалы әрі тәрбиелік мазмұндағы бағдарламаларға деген сұраныс күннен-күнге артып отыр. Әсіресе қазақ тіліндегі заманауи балалар контенті әлі де аз, жеткіліксіз. Сол қажеттілікті өтеуді мақсат тұтқан «Balа arna» арнасы – бүгінгі таңда тынысы кең, келешегі зор жоба.

Арна алғашқы қадамдарын «Сәбилерді сөйлетейік» атты конкурс бейнелерінен және халық ертегілерінің алғашқы дыбысталған нұсқаларынан бастады. Бұл бастамалар – үлкен істің кішкентай кірпіштері ғана.

Айтпақшы, биылғы «Сәбилерді сөйлетейік» конкурсы тың талаппен толықты: дәстүрлі бейнероликтермен қатар жасанды интеллекттің көмегімен әзірленген анимациялық видеолар да қабылданады. Бүлдіршініңіздің сөзін есте қаларлық бейнежазбаға айналдырып, бізге жолдаңыз! Жүлделі орындар мен ақшалай сыйлықтар жеңімпаздарды күтуде.

Ал «Balа arna» жаңа идеяларға, жасампаз ұсыныстарға, тың жобаларға зәру.

Қазіргі таңда кинематографияның көптеген қырын жеңілдететін жасанды интеллект құралдары қолжетімді бола бастады. Анимация жасау, дыбыстау, бейнемонтаж сияқты шығармашылық жұмыстарды бұрынғыдан әлдеқайда оңай іске асыруға мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қазақ тілінде балаларға арналған мультфильмдер мен бейнежобаларды бірге жасайық.

Егер сізде балаларға арналған шағын мультфильм түсіру ойыңыз болса, не болмаса қызықты ойын-сауықтық бейнероликтерді, танымдық бағдарламаларды әзірлеуге қабілетіңіз жетсе – «Balа arna» сізге ашық. Арна жасампаз авторларды, креативті жастарды іздейді. Біз үшін басты құндылық – балаларға қуаныш сыйлайтын, тілін дамытып, қиялын ұштайтын қазақ тіліндегі сапалы мазмұн.

Сонымен қатар, арнаны дамытуда сіздің идеяларыңыздың орны ерекше. Балаларға арналған бейнежобаларды қалай жандандыруға болады? Қандай тақырыптар жас ұрпаққа қызық әрі пайдалы болмақ? Егер ойыңыз, ұсынысыңыз болса – «Balа arna» сізді тыңдауға әрдайым дайын.

«Balа arna» – жай ғана арна емес. Бұл – болашаққа салынған көпір, балалардың тілін дамытып, қиялын қанаттандыратын рухани орта. Бізбен бірге қазақ тіліндегі жаңа буынға сапалы контент сыйлауға шақырамыз.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








14/08/2025 14:49

QAZEMLE БАҒДАРЛАМАСЫ
0 463 0










ТЕКСТ

Яндекс.Метрика